"Буран-082" патрульдік бригадасы "Ақсай" ықшамауданында полиция қызметкерлерін көріп, жасырынбақ болған жас жігітті байқаған. Тәртіп сақшылары ер адамды қамауға алды. Ол өзімен бірге есірткінің бар екенін мойындады. Одан ұнтақты заты бар 80 полиэтилен байламы тәркіленді.
"Ұсталғанның өзі пакеттерде синтетикалық есірткі заты "speed" болғанын нақтылады. Сондай-ақ ол қаланың әр жеріндегі бетбелгілер арқылы есірткі таратушы екенін түсіндірді. Қазіргі уақытта тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жедел бөлімшелер мегаполисте есірткіні жеткізу арнасы мен таралу жолын белгілейді", - деді Алматы қаласы патрульдік полиция полкінің командирі Бауыржан Хантемиров.
Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.