Алатау ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде интернет-дүкеннің бір тармағының қызметі тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Онда 20 жастағы жасырын жеткізуші жұмыс істеген. Жеке тінту барысында наркокурьерден 127 орам мефедрон және таратуға дайындалған 2 мың “экстази” таблеткасы, сондай-ақ тұрғылықты жерінен шамамен 1 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.
Жалпы салмағы 2,5 келіні құрады, бұл тұтынушыға жетпеген 6 мың бір реттік дозаға тең. Төлем криптовалюта арқылы алынған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Есірткі таратуда қылмыстық схемалар мен жасырын цифрлық технологияларды қолдану жауапкершіліктен құтқармайды.