Алматыда есірткі зертханасы анықталды

1317

Заңсыз айналымнан шамамен 9 кг мефедрон және "α-PVP" психотроптық заттар алынған. Олардың қара нарықтағы құны – 149 млн теңге.

Алматыда есірткі зертханасы анықталды

4 ақпанда Алматы қаласында психотроптық заттар жасап келген есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Осы іске қатысы бар деген күдікпен Алматы тұрғыны ұсталған. Тексеру барысында еліміздің батыс өңірлеріне 500-ден астам "экстази" таблеткасы жасырылған "тауар" жөнелтілгені белгілі болған.

"Қабылданған шаралар нәтижесінде 2022 жылғы 7 ақпанда ҚР азаматы ұсталды. Оның тұрғылықты жері бойынша қосымша 200 г "а-PVP" психотроптық заты алынды. Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу