Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 28 жастағы азамат шағын несие алуға арналған жапсырмалар таратумен айналысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алайда QR-кодты сканерлеген кезде қолданушылар несие беру сервисіне емес, есірткі сатумен айналысатын интернет-ресурсқа кіріп кеткен.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы (Есірткі құралдарының немесе психотроптық заттардың жарнамасы немесе заңсыз насихаты) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайы жария етілмеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу