Алматыда есірткілік мас күйде мотоцикл жүргізушісі ұсталды

589

Ол тәртіп сақшыларынан қашып кетпек болған.

Алматыда есірткілік мас күйде мотоцикл жүргізушісі ұсталды Фото: yandex.kz

Алматыда есірткілік мас күйде мотоцикл жүргізген азамат ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тимирязев пен Жароков көшелерінің қиылысында “Буран-126” патрульдік экипажы апаттық жағдай жасаған мотоциклшіні байқап қалған. Тәртіп сақшыларының тоқта деген заңды талаптарына бағынбаған жас жігіт қашып кетпек болған. Алайда полиция қызметкерлері оны Левитан көшесінде ұстады.

– Мотоциклшінің мінез-құлқы жол қозғалысына қатысушылар үшін өте қауіпті болды. Медициналық сараптама оның есірткіге мас болғанын анықтады. Құқық бұзушы көлік құралын басқарудан айырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлімі және ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 5-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев. 

Сондай-ақ, іс Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілетінін айтты. Мотоцикл айыппұл тұрағына қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу