Алматыда есірткілік мас күйде мотоцикл жүргізушісі ұсталды

1434

Ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Алматыда есірткілік мас күйде мотоцикл жүргізушісі ұсталды Фото: Polisia.kz

Алматыда 30 жастағы мотоцикл жүргізушісі мас күйінде ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

– А.есімді азамат Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан. Құлжа тас жолының қиылысында оны патрульдік полицияның мамандандырылған батальонының экипажы тоқтатты. Құжаттарды тексергеннен кейін жүргізушінің көлікті техникалық байқаудан өткізбегені белгілі болды. Сонымен қатар ол алкоголь немесе есірткі пайдаланды деген күдікке ілікті. Сот-наркологиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, А.есімді азамат есірткіге мас күйде болған. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 10-бөлігі негізінде әкімшілік іс қозғалды. Оның материалдары сотқа жіберіледі, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу