Алматыда есірткіні жарнамалаған жұп қамауға алынды

334

Екеуі де бұрын істі болған

Алматыда есірткіні жарнамалаған жұп қамауға алынды Фото: видео скриншот

Алматыда есірткіні жарнамалаған жұп қамауға алынды, деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам мен әйелдің қылмыстық әрекеті өтіп бара жатқандардың назарына ілікті, олар бұл туралы әлеуметтік желі арқылы хабарлаған.

"Олардың жеке басы бірден анықталды. Бұлар бұрын істі болған – 39 жастағы П. есімді азамат пен 28 жастағы К. есімді азамат. Қазір олар ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды. Олардың әрекеті ҚР ҚК-нің 299-1-бабы 2-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша мүлкін тәркілеумен үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады", деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Е.Ысқақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу