Алматыда есірткінің ірі көлемі тәркіленді

632

Күдіктіден 1 келіден астам синтетикалық а-PVP есірткісі тәркіленген.

Алматыда есірткінің ірі көлемі тәркіленді

Полиция қызметкерлері тұрақты түрде есірткі тасымалдаумен айналысып келген адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

"37 жастағы И. есімді күдікті азамат үш мекенжайға бетбелгі қою барысында ұсталды. Изолентаға оралған есірткі заттары бірден тәркіленді. Сонымен қатар, күдіктінің Толстой көшесіндегі жалдамалы пәтері де тексерілді. Нәтижесінде, ас үйдегі сөреден жасыл және ақ түсті ұнтақты заты бар 40 байлам анықталды. Сондай-ақ залдан қорап табылды, оның ішінде ұнтақты заты бар 331 бума болды. Самалдықтан қызыл, көк, ақ және жасыл түсті түйіршіктер мен ішінде ұнтақ түріндегі заты бар 5 пластик ыдыс табылды. Сараптама байламдар мен ыдыстарға синтетикалық есірткі оралғанын анықтады", – деп жазылған хабарламада.

Күдікті УҰИ-ға қамауға алынған. Айтуынша, ол синтетикалық есірткіні интернет арқылы алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу