Алматыда ескі автопарк аумағына салынатын шулы тұрғын үй кешенінің жобасы қайта қаралады

894

Тұрғындар бұған дейін құрылысты тоқтатып, саябақ салуды талап еткен еді.

Алматыда ескі автопарк аумағына салынатын шулы тұрғын үй кешенінің жобасы қайта қаралады Фото: Серікжан Қобыланбаев

BI Group құрылыс компаниясы Алматыдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы №2 автопарк аумағындағы құрылыс жобасын толығымен қайта қарайды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты хабарлайды inbusiness.kz. 

"Шешім тұрғындардың тілектерін ескере отырып қабылданды", – деді ол бейсенбі күні Алматының Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде.

Жаңа жобаға мектеп, шағын емхана, балабақша, демалыс аймағы кіреді, деді өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.

Сондай-ақ ол әкімдік Тұрғыт Озал көшесін – Сәтбаевтан Жандосовқа дейін жалғау бойынша жұмыс істеп жатқанын айтты. Қазір бұл көшелер бір-бірімен жалғаспайды.  

Айта кетейік, ескі автопарк аумағына салынатын кешендердің іргесіндегі үйлердің тұрғындары құрылысты тоқтатып, саябақ салуды талап еткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу