Енді Алматыда ескі көліктер тегін жүрмейді

Ескі көлігі барларды титықтататын жаңалық жыл соңына дейін қабылданады.  

Енді Алматыда ескі көліктер тегін жүрмейді Фото: open-almaty.kz

Жаңа тәртіп бойынша, 2009 жылға дейін шығарылған машиналар мүлдем Алматыға өте алмауы да ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты stan.kz-ке сілтеме жасап.

Атмосфералық ауаны қорғау ережелерін әзірлеу бойынша жұмыс тобының мүшесі Ерлан Бұзырбаевтың сөзінше, бұл бастаманың берері көп.

– Қалаға кіру ақысын халықтың ескі көліктен бас тартып, автобусқа немесе экологияға сай көлікке ауысуына ынталандыру керек. Яғни, мөлшері тым аз болмауы тиіс. Бірақ әлеуметтік ауырпашылық түспеуі үшін қымбат та қылмау керек. Әкімдік сол себепті бастаманы пилоттық жоба ретінде зерттеп, сомманы анықтайды, – дейді ол.

Ал жылы жаңа еуро-5 немесе одан жоғары санатқа жататын темір тұлпарлар, электрокарлар тегін жүреді. Бұл туралы автосарапшылардың айтары бар.

– Экологияны жақсартамыз десек, техникалық бақылауды күшейткен жөн. Сонда ғана біз зиянды қалдықтар шығаратын көліктерді анықтап, тоқтата аламыз. Ал былай талап қою тек бюджетті толтырады. Көліктің түтін шығаруы жылына емес, техникалық жағдайына байланысты, – дейді автосарапшы Алексей Алексеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу