Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кезлесуінде айтты.
"Қазір біз жаңарған реновациялау бағдарламасын дайындаудың соңғы сатысындамыз. Бағдарлама ішінде біз қаланың қандай мүмкіндіктері болатынын қарастырамыз. Өкінішке орай, қалада бұзуды немесе жөндеуді қажет ететін тозығы жеткен тұрғын үй қоры өте үлкен. Қала балансында мұндай ақша жоқ. Инвесторды табу мүмкін болмай жатыр. Көпқабатты автотұрақ салу туралы ұсынысы бар нұсқаға мен рұқсат бермеймін", – деді әкім.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу