Алматыда ескі үйлер сүріледі

2050

Олардың орнына жаңа ғимараттар тұрғызылады. 

Алматыда ескі үйлер сүріледі

2019 жылы Алматыда 10,3 мың ш.м-ге жуық ескі үй сүріледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы әкімдігінің күрделі жөндеу кәсіпорны мәлім етті, деп хабарлайды LS.  

Бас аяғы 19 үй сүріледі. Ведомство бұл ғимараттар тоғыз жерде орналасқанын айтты.

Жалпы 2018-2030 жылдар аралығында 948 үй Алматыдағы тұрғын үйлерді кешенді қайта жаңарту бағдарламасына енгізілді. Олар үш кезеңде, яғни 2018-2020 жылдары- 267, 2021-2025 жылдары – 284, 2026-2030 жылдары-397 үй сүрілетін болады.  

Ең көп "тазартылатын" аудан - Түрксіб ауданы. Қаланың бұл бөлігінде 482 үй сүріледі. Ал ең аз сүрілетін үйлер Наурызбай ауданында.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу