Алматыда ескі үйлер сүріліп, жаңа үйлер салынады

894

Қалада 1444 ескі үй бар. 

Алматыда ескі үйлер сүріліп, жаңа үйлер салынады

Алматыда реновация бағдарламасы бойынша қаладағы ескі үйлер сүріліп, "ескі" аумақтар кешенді жаңарып, тұрғындар жаңа үйлерге көшеді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев хабарлады.

Б. Сағынтаев Instagram-дағы өзінің парақшасында жазғандай, реновация бағдарламасы мыңдаған қалалықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және құрылыс саласына инвестиция тартуға бағытталған.

"Қалада 1444 ескі үй бар. Соның 609-ы Түрксіб ауданына тиесілі. Мұнда "Алматы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны" 62 пәтерге арналған 5 қабатты екі үй тұрғызды. Үш ескі үйдің (42 пәтер) орнына инвесторлардың күшімен 152 пәтерлік 7 үй бой көтереді. Осипенко көшесінде 59 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталады. Сондай-ақ жеке инвестордың есебінен 30 ескі екі қабатты үйдің орнына 1252 пәтерге арналған 26 заманауи бес қабатты ғимарат салу жоспарлануда, – деп жазды Алматы әкімі.

"Алматы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны" Түрксіб ауданында реновция жобасын Сауранбаев – Молдағалиев – Чернышевский – Толстой көшелері  аумағында  іске асыратын болады. Жеке инвестор ауқымды жоба бойынша жаңа үйлерді осыдан 60 жыл бұрын салынған  екіқабатты ескі үйлер тұрған Сейфуллин даңғылы – Ақан сері – Кассин – Котельников көшелерінің аумағында салатын болады.

Бұлардан өзге, Алматы әкімінің мәліметі бойынша, Медеу ауданында 21 пәтерге арналған ескі үш үйдің орнында 303 пәтерлі 6 үйдің құрылысы аяқталып қалды. Жетісу ауданында 70 пәтерлі 8 ескі үйдің орнына инвесторлармен бірге 489 пәтерлі 7 үйдің құрылысын бастау жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу