Алматыда "Еуразия" кинофестивалі өтеді

546

Алматыда 12-18 желтоқсан аралығында XVI халықаралық "Еуразия" кинофестивалі өтеді, деп жазады inbusiness.kz "Интерфакс-Қазақстан" сайтына сілтеме жасап.

Алматыда "Еуразия" кинофестивалі өтеді Фото: catherineasquithgallery.com

Кинофестиваль екі конкурстық бағдарламадан тұрады: 
- халықаралық конкурс – соңғы 12 айда Еуразия құрлығында түсірілген 15 толықметражды фильм;
- ұлттық конкурс – 2021-2022 жылдары түсірілген 15 отандық толықметражды фильм. 

Конкурстан тыс бағдарлама – "Ерекше оқиғада" әртүрлі дәуір мен жанрлардағы танымал әлемдік кино қайраткерлерінің фильмдерінің ретроспективасы, оның ішінде мерейтойлық фильмдер, сондай-ақ фестивальдің ашылуы мен жабылуында көрсетілетін фильмдер ұсынылмақ.

"Жаңа есімдер" бағдарламасы заманауи қысқаметражды отандық киноға арналады. Мұнда 2020-2022 жылдары түсірілген жас режиссерлердің үздік 15 фильмі көрсетіледі.       

Жеңімпаздар үздік фильм, үздік режиссерлік жұмыс, үздік ер адам рөлі, үздік әйел адам рөлі, қазылар алқасының арнайы жүлдесі номинациялар бойынша анықталатын болады.

Сонымен қатар фестивальде Азия киносын насихаттау жөніндегі халықаралық ұйымның қазылар алқасы болады. Олар да өз жеңімпазын анықтамақ.

Кинематографтың дамуына ерекше үлес қосқандарға арнайы сыйлықтар беріледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу