Алматыда феминистер шеруге шықпақ

1831

Митинг пен шеру өткізуге Feminita, "КазФем", "Фемсреда", ОФ "SVET" және "FemAgora" ұйымдары белсеніп отыр.

Алматыда феминистер шеруге шықпақ

Алматы қаласы әкімшілігі 8 наурызда феминист әйелдердің шеру өткізуіне келісім берді. Бұл туралы "Feminita" ұйымы әлеуметтік желіде хабарлады.

Бейбіт шеру туралы заң бойынша шеру мен митинг өткізуге рұқсат етілген орындар санаулы. Сондықтан олар шерудің жүріп өтетін көшелерін нақты атаған. Әйелдер Ганди паркінен бастап Шевченко көшесімен жүріп өтпек. Ал митингіні Уәлиханов скверінде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Феминист ханымдардың ойынша, бұл – кемсіту мен теңсіздікті болдырмауға үлес қосатын, әйелдердің ынтымағын көрсететін тарихи күн болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу