Алматыда фильмнің түсіріліміне орай қала көшелерінің белгілі бір учаскелері уақытша жабылады

435

Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасы мәлім етті.

Алматыда фильмнің түсіріліміне орай қала көшелерінің белгілі бір учаскелері уақытша жабылады

2023 жылғы 15 қаңтардан 19 қаңтарға дейін көркем фильмнің түсірілуіне байланысты маршруттардың қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізілетін болады.

Сондай-ақ, көркем фильмнің түсірілуіне орай қала көшелерінің белгілі бір учаскелері уақытша жабылады:

– 15 қаңтар күні сағат 10-нан 14.00-ге дейін – Жібек жолы көшесі, Бұзырбаев көшесінен Горький атындағы саябаққа дейін;

- 16 қаңтар сағат 19.00-ден 02.00-ге дейін – Тимирязев көшесі Жандосов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін;

- 18 қаңтар сағат 01.00-ден 06.00-ге дейін – Бөгенбай батыр көшесі Достық көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін;

- 18 қаңтар және 19 қаңтар сағат 03.00-ден 07.00-ге дейін – Құрманғазы көшесі Назарбаев даңғылынан Төлебаев көшесіне дейін.

16 қаңтар сағ. 19:00-ден 17 қаңтар сағ. 02:00 дейін

№№ 124, 45, 79 оңтүстік бағытта Алтынсарин даң-лы - Шаляпин к-сі - Сәтпаев к-сі - Әуезов к-сі - Тимирязев к-сі - бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Тимирязев к-сі – Жароков к-сі - Сәтпаев к-сі – Шаляпин к-сі - Алтынсарин даң-лы  бұдан әрі сызбасы бойынша;

№22  шығыс бағытта Жандосов к-сі - Әуезов к-сі - бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Әуезов к-сі - Жандосов к-сі бұдан әрі схема бойынша;

№№32, 205  солтүстік бағытта Сүлейменов к-сі - Алтынсарин даң-лы - Сәтпаев к-сі - Әуезов к-сі - Тимирязев к-сі бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Тимирязев к-сі - Әуезов к-сі - Сәтпаев к-сі - Алтынсарин даң-лы - Сүлейменов к-сі  бұдан әрі схема бойынша;

ТП11 шығыс бағытта Жандосов к-сі – Әуезов к-сі-Абай даң-лы бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Абай даң-лы - Әуезов к-сі - Жандосов к-сі  бұдан әрі схема бойынша;

№ 31-оңтүстік бағытта – Саин к-сі - Әл-Фараби даң-лы - Жароков к-сі  бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Жароков к-сі - Әл-Фараби даң-лы – Саин к-сі бұдан әрі схема бойынша;

№135 – шығыс бағытта Жандосов к-сі - Розыбакиев к-сі бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Розыбакиев к-сі - Жандосов к-сі бұдан әрі схема бойынша;

18 қаңтар сағат 03.00-ден 07.00-ге дейін

№112 – шығыс бағытта Құрманғазы к-сі - Абылай хан даң-лы - Абай даң-лы – Достық даң-лы - Қонаев к-сі бұдан әрі схема бойынша; кері бағытта өзгеріссіз;

№12 - оңтүстік бағытта Абылай хан даң-лы - Абай даң-лы - Достық даң-лы  бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз.

Айта кетсек,  түсірілім барысында түтін, пиротехникалық құралдар қолданылады, сондай-ақ қатты әрі шұғыл дыбысты көріністер болады. Кейде адамдар көп жиналатын түсірілімдер болады. 

"Кино тобы түсірілім басталардан бірнеше күн бұрын жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын хабардар етуге, сондай-ақ ақпараттық белгілерді тікелей орындарда пайдалануға міндеттенді.

Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан түсірілім процесіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу