Алматыда фитнес жаттықтырушыны атып кетті

363

Полицейлер бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

Алматыда фитнес жаттықтырушыны атып кетті Фото: instagram/damir.turebayev

Алматыда 19 шілдеде фитнес жаттықтырушысы Дамир Төребаевты атып кетті, деп жазады inbusiness.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде 19 шілдеге қараған түні Fitness Blitz клубының фитнес жаттықтырушысы Дамир Төребаевты өз пәтерінде атып кеткені туралы ақпарат пайда болды.

"Алматы қаласы Наурызбай ауданы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу-жедел тобы құрылды. Күдіктілер анықталды, оларды ұстау шаралары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм достарымен жанжалдасып қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу