Алматыда футболдан аула командалары арасында жарыс өтеді

1156

Алматыда футболдан аула командалары арасында жарыс өтеді

20 тамыз күні "Спорттық Алматы" жобасы аясында футболдан аула командалары арасында Спорт күніне арналған кезекті жарыс өтеді, деп хабарлайды baribar.kz.

Футбол ойындары "Мaxi чай" компаниясының қолдауымен, Нархоз университетінің стадионында өтеді. Олимпиада жүйесіне сәйкес ұйымдастырылатын жарысқа сегіз жастан жоғары барлық жеткіншектер бақтарын сынай алады.

Атай кетер жайт, қатысушылар екі жастық санатқа бөлінеді – "А" лигасы – 8 жастан 14 жасқа дейін және "Б" лигасы – 15 жастан жоғары. Регламентке сәйкес, әр команда 8 ойыншыдан жасақталады, 6 немесе 5 (алаңға байланысты) ойыншы қақпашымен бірге алаңда өнер көрсетеді.

Жарысқа тіркелу ақысыз түрде ойын алдында басталады.

Айта кетсек, 8-14 жас аралығындағы футболшылардың ойындары сағат 08:00-де өтсе, ал 15 жастан жоғары ойыншылар арасындағы кездесулер сағат 12:00-де басталады.

Шағын футболдан турнирлер Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, жастармен өзге жас санатындағы қала тұрғындарын күнделікті дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға қызықтыру, жаппай спорт түрлерінің бірі футболды мегаполисте насихаттау, сондай-ақ, денсаулықты нығайту үшін қолжетімді әдісті таңдауға көмектесу мақсатында өткізіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар, сонымен қатар, "Мaxi чай" сусындары табысталады.

"Спорттық Алматы" жобасы алып шаһардағы спорттың дамуына және белсенді тынығуға бағытталған.

Шара Жандосов көшесі 55/3 мекен-жайындағы  Нархоз университетінің стадионында өтеді. "А" лигасысының ойнау уақыты – сағат 8.00, "Б" лигасыныкі 12.00-де басталады.

Қосымша ақпаратты 8 777 250 63 63 (Влад Кузнецов), 8 777 303 23 83 (Ерлан Сартаев) нөмірлер бойынша алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу