Алматы қаласының Мәдениет басқармасы ресейлік әртіс Максим Галкиннің концерті не себепті өткізілмейтінін түсіндірді.
"Бәріңіз бұл коммерциялық концерт екенін түсінуіңіз керек. Республика сарайында барлық іс-шаралардың кестесі алдын ала жасалған. Олар сұраған күндерде басқа іс-шаралар тұр. Сонымен қатар олар ресми түрде келісім-шарт жасамай, билеттерді сата бастады. Бұлай істеуге болмайды", – деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.
Бұл ретте ол ұйымдастырушылар басқа күнді таңдап, ресми келісім жасаса, концерт өткізу мүмкіндігін қарастыруға болатынын айтты.
Максим Галкин Қазақстандағы концерттерінің тоқтатылғанына шағымданған еді.