Алматыда ғарыштық суреттердің көмегімен 6 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды

Өткен жылы 12 рұқсат етілмеген қоқыс алаңы жойылған. 

Алматыда ғарыштық суреттердің көмегімен 6 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды Фото: Фотогорода

Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта олардың барлығы  жойылды. Өткен жылы 12 рұқсат етілмеген қалдықтар орны анықталды, олар да алынып тасталды және кінәлілер жазаланды. ӨКҚ брифингінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мегаполистің экологтары егжей-тегжейлі айтып берді.

"ҚазақстанҒарышСапары "ҰК" АҚ Геосервисінің деректеріне сәйкес Алматы қаласының аумағында 2022 жылы 12 рұқсат етілмеген түрмыстық және құрылыс қалдықтар орны анықталды, сонының ішінде Медеу ауданында  рұқсат етілмеген қалдықтар орны 8 нүкте, Түрксіб ауданында 2 нүкте, Алатау ауданында 2 нүкте тіркелді,   жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 12 орын тазаланып шығарылды. "ҚазақстанҒарышСапары" ҰК" АҚ геосервисіндегі жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда", - Алматы қаласы бойынша Экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ерлан Жақиянов.

Журналистің сұрағына жауап бере отырып, Департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Нұржан Бөлекбаев Алматыда әртүрлі жылдары қалдықтарды жинайтын орындардың саны анықталғанын айтты.

"Геосервистің деректеріне сәйкес 2019 жылы Алматыда 86 рұқсат етілмеген қалдықтар орны тіркелген, олар негізінен қалаға жаңадан қосылған аумақтардан табылған. Апаттық полигондар қоқыс шығаратын компаниялар мен қоқыс шығарумен айналысатын жеке тұлғалардың жосықсыз жұмысынан пайда болады. Зерттеу нәтижелері бойынша департамент әкімдерге хат жолдады, сондықтан бүгінгі күні барлығы жойылды", - деп бөлісті спикер.

2020 жылы Алматыда 24 рұқсат етілмеген қоқыс алаңы, 2021 жылы - 17 орын тіркелді. Барлығы жергілікті атқарушы органдардың күштерімен реттелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу