Алматыда газ бағасын негізсіз көтерген компанияға 78 млн теңге айыппұл салынды

474

Алматы қаласының прокуратурасымен тауарлық газға тариф төмендетілді. 

Алматыда газ бағасын негізсіз көтерген компанияға 78 млн теңге айыппұл салынды Фото: inbusiness.kz

11 мың тұтынушының құқығы қорғалды, деп жазады inbusiness.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, тексеру нәтижелері бойынша "APL Construction" ЖШС-де бекітілген тарифтік сметаның бұзылуы, сондай-ақ орамішілік газбен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде үстем жағдайды теріс пайдалану анықталды.

"Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша тариф 1 мың текше метр үшін 6 362,77 теңгеден 5 999,08 теңгеге дейін төмендетілді (5,7%-ға), 184 млн теңге сомасына өтемдік тариф енгізілді. Бұдан басқа монополист ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабы 3-1 және 164-бөлігі 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, 78 млн теңге айыппұл өндірілді", - делінген хабарламада.

Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарындағы 11 мың тұтынушының, оның ішінде 300-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу