Бұл шектеу 2023 жылдың 15-тамызы мен 15-қарашасы аралығында Түрксіб ауданының Папанин көшесінің бойында, аталмыш көшенің Беляков көшесімен қиылысынан бастап Руставели көшесінің қиылысына дейін қойылады (Папанин көшесі, 53а).
Жоғарыда аталған жұмыс Алматы қаласының газ бөлу жүйесінің өткізу мүмкіндігін ұлғайту және жерасты газ құбырларын жаңалау мақсатында жүргізіліп жатыр. Бұл шара өз кезегінде апаттық жағдайлардың азаюына және мегаполис халқына үздіксіз газ беру мүмкіндігінің артуына септігін тигізеді.
Өз бағыт-бағдарыңызды алдын-ала ойластыруыңызды және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырамыз, делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу