Алматыда газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алынады

840

 Мұндай хабарландыру мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған.

Алматыда газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алынады

Автобустардың сыйымдылығы үлкен, едені төмен, кондиционерлер, видео бақылау камераларымен, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандуспен жабдықталуы және Евро-5 экологиялық стандартына сай болуға тиіс, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі..

Жалпы, қалада көлікті реформалау аясында 2018 жылы түрлі бағыттар бойынша 479 жаңа автобус жүре бастады. BRT желісіндегі аялдамаларда алғашқы электронды таблолар пайда болды, оларда қоғамдық көліктің нөмірі, бағыты және аялдамаға қашан келетіні туралы ақпараттар көрсетіледі.

Қазіргі кезде Желтоқсан - Төле би - ШАЖ - Құлжа трактін қамтитын ұзындығы 13,2 км болатын желінің екінші кезегінің жобалық-сметалық құжаттары жасалуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу