Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"31 қаңтар сағат 12:45-те Бостандық ауданының өрт сөндірушілері Володарский көшесі, 33-үй маңындағы өрт туралы тұрғындардан хабарлама алды. Бригада 12:54-те ккліп, Газель маркалы көліктің жанып жатқанын анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 3 шаршы метр аумақты қамтыған өрт 6 минутта сөндірілді", – деп хабарлады ТЖД.
Бұл ретте департамен оқыс оқиғалардың куәгерлеріне үндеу жасады.
"Егер осындай жағдайдың куәгері болсаңыз уақыт жоғалтпай кезекші бөлімге, яғни 101 нөміріне хабарлау керек. Сондай-ақ камераға түсірер алдында қауіпсіз қашықтықта тұру қажет. Оқиға орнына жақындау өте қауіпті", – деп хабарлады ведомствода.