Электроавтобус шығаратын "Eurabus II" көлігі Алматының жолдарында тестілік кесте бойынша жұмыс жасауды бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін осы модельдегі автобустар Европаның Берлин, Мадрид, Осло, Гамбург қалаларымен қоса, Алматыда тестілік сынақтан өтіп жатыр. Автобустың бұл түрі жаңа технология бойынша жеңіл балқытылған каркастан жасалған. 18 метрлік автобус әрқайсысы 200 ден 500 кВт/сағат болатын үш аккумуляторлармен жабдықталған, бір рет қуат алған соң 300 км жол жүреді, орташа уақыты сегіз сағат. Төмен еденді автобус видеобақылаумен, кондиционермен, жылыту жүйесімен жабдықталған. Жолаушылар үшін мұнда барлық жағдайлар жасалған әрі түрлі өңірдегі климатқа төзімді. Оған 120 жолаушы сияды, сонымен қатар мүмкіндігі шектеуіл жандар үшін көтергіш те бар.
Алматыда автобус қала қонақтары мен тұрғындары үшін бір туристік бағытта тестілік кесте бойынша жүреді. Қоғамдық көлік жеке инвестордың қаржысына алынған. Сонымен қатар, болашақта көліктің бұл түрін Алматыда жинау үшін отандық компания мен неміс өндірушісінің арасында келісім де жасалған. Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін келешекте инвестор байқау ұйымдастырмақ.
Айта кетейік, жылжымалы составты жаңарту және экологияны жақсарту мақсатында Алматы әкімдігі жыл аяғына дейін Еуро-5 стандартты 300 жаңа автобус алу үшін 11,5 млрд теңге бөлді. Қалаға қосылған елді мекендердегі, соның ішінде таулы жерлердегі көлік жүйесін жақсарту үшін 10 шілдеден бастап, жаңа автобус бағыттары ашылды. Осы істі жүзеге асыру үшін Еуро-4 стандартындағы дизельмен жүретін 45 автобус алынды. ЛИАЗ маркалы 15 автобус та жолаушы тасымалдайтын болады.