Алматыда ғимараттар мен құрылыстарға жаңа сейсмоаудит жүргізіледі

10 балдық сейсмикалық белсенділігі жоғары аудандарда биіктігі 6 қабаттан аспайтын ғимараттар ғана салынады. 

Алматыда ғимараттар мен құрылыстарға жаңа сейсмоаудит жүргізіледі Фото: Liter.kz

Алматының жаңа бас жоспары қандай өзгерістерді қамтиды?

Құжатта баса назар аударылған мәселелердің бірі – қала тұрғындарының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 

"Бас жоспар сейсмикалық белсенділігі 10 балдық аймақтарда 6 қабаттан аспайтын ғимараттар салуды шектейді. Бас жоспардың негізінде қалалық ғимараттар мен құрылыстарға жаңа сейсмоаудит жүргізіледі, сейсмикалық белсенділік жағдайында ықтимал салдарларды азайту үшін азаматтық объектілерді сейсмикалық күшейту бойынша қажетті шараларды қабылдауға көмектесетін тәуекелдер Картасы жаңартылады", – деп жазылған Үкімет қабылдаған Алматының жаңа Бас жоспарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу