Алматыда грэпплингтен халықаралық ашық турнир аяқталды

944

Турнирдің жалпы жүлде қоры 10 мың долларды құрады.

Алматыда грэпплингтен халықаралық ашық турнир аяқталды

Алматыда грэпплингтен Arlan Grip Selection "Kuz open-2018" халықаралық ашық турнирі аяқталды, деп  хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Жарыстың екінші күнінде 18 жастан жоғары елімізідің әр өңірлерінен және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген 150-ге жуық спортшы қатысты. Олар әр түрлі салмақ және жас дәрежелері бойынша сынға түсті.

Бұл сайыстар ABB аренасында, AIGA халықаралық әуесқойлар лигасы қауымдастығының ережелеріне сәйкес екі дәреже бойынша "Beginner", "Intermediate", сондай-ақ кәсіпқойлар арасында ADCC ережесі бойынша өткізілді.

"Бұл турнирдің басты мақсаты мықты спортшыларды анықтап, оларға үлкен жарыстарға дайындалуға мүмкіндік беру болып табылады. Алда, желтоқсан айында біз екі жылда бір болатын Азия және Океания чемпионатың өткіземіз. Ол жарыста 2019 жылы АҚШ-тың Калифорния штатында өтетін әлем чемпионатына жолдама ойнатылатын болады. AIGA қазір әуесқойлар арасында грэпплинг спортын әлем бойынша қарқынды түрде дамытуда. Бұл тұжырым былтыр желтоқсан айында құрылып, биыл Қазақстан чемпионаты мен кубогын өткізіп үлгерді. Қазір бізде осы спорт бойынша сол АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына AIGA тұжырымында өнер көрсететін ұлттық құрама құрылып жатыр", - дейді ҚР бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг федерациясының президенті Төлеген Құмаров.

Қызықты әрі тартысты жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар, дипломдар және ақшалай сыйлықтар табысталды. Турнирдің жалпы жүлде қоры 10 мың долларды құрады.

Турнирдің абсолюттық чемпионы болып алматылық Азамат Бақытов атанды. Ол финалдық кездесуде Шыңғыс Қыдырмановтан басым түсті. Осы жеңісі үшін ол 500 доллармен мараппаталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу