Ол полиция көлігінің сыртынан ақ ұнтақ салынған ораманы көрсетіп, сол әрекеті камераға түсірілген. Сондай-ақ қоғамдық орында балағат сөздер айтады. Бейнежазба әлеуметтік желідегі парақшаларда кеңінен тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аталған жағдай Алматы қаласы полиция департаментінің назарына ілікті. Тәртіп сақшылары хайп қуып, полицияға қарсы арандатушылықпен айналысқан азамат ұсталғанын мәлімдеді.
– Бейнежазба авторының жеке басы анықталды. Ол – бұрын сотталған 43 жастағы жергілікті тұрғын. Ер адам ұсталып, Медеу аудандық полиция басқармасының полиция бөліміне жеткізілді. Ықтимал есірткі қылмысы бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Одан бөлек ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік материалдар сотқа жолданған.
Енді полицейлер бейнежазбада көрсетілген заттың шығу тегін, құрамын және мөлшерін анықтайды.