Алматыда "халал" сертификаттарын заңсыз берген компания жауапқа тартылды

218

Тексеру барысында тиісті құжатты беретін компанияның ұлттық аккредиттеу жүйесінде тіркелмегені анықталды.  

Алматыда "халал" сертификаттарын заңсыз берген компания жауапқа тартылды Фото: qaz-media.kz

Алматыдағы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "HALAL-HOLDINQ" ЖШС-ін тиісті аккредитациясыз "халал" сертификаттарын бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот мәліметінше, компания өнімдер мен қызметтердің "халал" талаптарына, оның ішінде OIC/SMIIC халықаралық стандарттарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қажетті рұқсатсыз рәсімдеп келген. Іс материалдарына сәйкес, мұндай сертификаттар бірқатар кәсіпкерлік субъектілеріне берілген.

Сот қаулысында бұл құжаттардың кәсіпкерлер тарапынан коммерциялық қызметте пайдаланылғаны, яғни тұтынушылардың сеніміне, серіктестермен қарым-қатынасқа және компаниялардың іскерлік беделіне тікелей әсер еткені айтылған.

Компания директоры Алмагүл Әбілдинова сот отырысында құқық бұзушылықты мойындап, іс материалдарындағы деректерді растаған. Нәтижесінде серіктестікке 25 АЕК (108 125 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу