Алматыда халық ең тығыз орналасқан ауданда 5 мыңнан аса оқушыға мектептерде орын жетіспейді

Бұл мәселе қалай шешіледі?  

Алматыда халық ең тығыз орналасқан ауданда 5 мыңнан аса оқушыға мектептерде орын жетіспейді Фото: adyrna.kz

Бұл туралы Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Сапалы әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету әкімдіктің басты міндеті.

Қазіргі таңда аудандағы мектептерде 5 мыңнан астам орын жетіспейді. Мәселені шешу үшін Әуезов ауданында жаңа мектептер салынады", – деп атап өтті мегаполис әкімі.

Былтыр 1725 орындық №117 және 132 мектептерге 2 қосымша ғимарат пайдалануға берілді және "Достық" деп аталатын 1 жеке меншік мектеп ашылды.

Биыл "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында №97 мектеп ғимараты бұзылып, 600 орындық мектеп құрылысы басталады. Жыл соңына дейін 3,5 мыңнан астам оқушы оқитын 4 мектепте сейсмикалық күшейту мен күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.

Өткен жылы 348 орындық 6 жеке меншік балабақша ашылды. Биыл "Алтын бесік" шағын ауданында 120 орындық мемлекеттік балабақшаның құрылысы басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу