Алматыда халықаралық Almaty Mount Fest фестивалі өтеді

637

Іс-шараға 6 мыңнан астам адам қатысады.

Алматыда халықаралық Almaty Mount Fest фестивалі өтеді

 

Биылғы жылы халықаралық Almaty Mount Fest фестиваліне 6 мыңнан астам адам қатысады.

Қазақстандық тау туризмі мен спортты насихаттауға арналған халықаралық Almaty Mount Fest фестивалі Алматыда төртінші мәрте 2-5 қыркүйек аралығында өтеді. Спорттық жарыстар мен мәдени іс-шаралар негізінен  биік таулы "Медеу" және "Шымбұлақ" курорттарында өтеді.

"Алматы ашық ауада демалуды қалайтын әуесқойлар үшін тартымды орын болып саналады. Алматы шетелдік келушілерді орналастыру орындарына тіркеу бойынша жетекші қалалардың үштігіне кіреді", - деді Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Марлен Маралов баспасөз конференциясында.

Ұйымдастырушыларының айтуы бойынша, фестивальдің барлық күндерінде 6 мыңнан астам адам келеді деп күтілуде.

"Қала әкімдігімен бірлесіп, біз шынығу дайындығының түрлі деңгейін ескере отырып, белсенді демалыс әуесқойларынан кәсіби спортшыларға дейін қарастыратын арнайы бағдарлама әзірледік. Ниет білдірушілердің барлығын осынау жарқын қалалық мерекеге келуге шақырамыз", - деді баспасөз конферециясында "Шымбұлақ" тау курортының директоры Ринат Абдрахманов.

Қатысушыларды тіркеу 2022 жылдың 9 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында жалғасады. Фестивальге www.mountfest.kz арнайы сайтында тіркелуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу