1 сәуір сағат 00.00-ден бастап Алматы қаласында халықаралық әуе рейстері тоқтатылады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің тиісті қаулысы бар.
Бұл әрине Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық COVID-19 инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу және оған жол бермеу мақсатындаға шара.
Енді Алматы қаласындағы "Алматы халықаралық әуежайына" барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар авиарейстерінің келуі ерекше өкімге дейін тоқтатылатын болады.