Алматыда халықаралық цирк фестивалі басталды

266

Қазақ мемлекеттік циркіндегі додада 9 жүлде сарапқа салынып, үздіктер анықталады.  

Алматыда халықаралық цирк фестивалі басталды  Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркінде IV Халықаралық цирк өнері фестивалінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Халықаралық байқау аясында қатысушылар Гран-при, үш алтын, үш күміс және үш қола жүлде үшін өнер көрсетеді. Артистердің кәсіби шеберлігі, қойылымдардың ерекшелігі мен орындау деңгейін халықаралық қазылар алқасы бағалайды.

Фестивальдің салтанатты ашылуында алғаш рет осы шараға арнайы жазылған ресми әнұран орындалды. Ресми бөлімнен кейін манежде әртүрлі елдердің цирк әртістері қатысқан байқау бағдарламасы басталды.

Қазақ мемлекеттік циркінде фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатысуымен 1-23 тамыз аралығында арнайы цирк бағдарламасы өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу