Шараның басты мақсаты қазақ журналистерінің білімі мен кәсіби біліктілігін халықаралық деңгейде шыңдау. Өйткені, қор әсіресе аймақтағы тілшілердің дамуы үшін қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Ал жуық арада бір топ журналист Бельгия, Германия, Британия және Францияға сапарға аттанады.
Онда медиа саласындағы өзекті мәселелерді талқылайтын бірнеше форум өтпек.
Осылайша, халықтың мұңын мұңдап, жоғын түгендеп жүрген тілшілер қауымы халықаралық деңгейде білім алуына мүмкіндік туады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу