Алматыда Халықаралық валюта қорының өңірлік орталығы ашылды

Орталық төңіректегі тоғыз елде: Арменияда, Әзірбайжан мен Грузияда, Қазақстанда, Қырғыз Республикасы мен Моңғолияда, Тәжікстанда және Түрікменстан мен Өзбекстанда ХВҚ қызметін үйлестіреді. 

Алматыда Халықаралық валюта қорының өңірлік орталығы ашылды Фото: google

2023 жылғы 9 маусымда Алматыда ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Ғалымжан Пірматов Басқарушы директоры Кристалина Георгиева бастаған ХВҚ делегациясымен бірлесіп, Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдерінде әлеуетті дамыту жөніндегі Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) өңірлік орталығын ашу салтанатын өткізді. 

Шараға аймақтағы және әлем елдеріндегі орталық банктердің, халықаралық қаржы ұйымдары мен бірқатар дипломатиялық миссиялардың басшылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Алматыдағы өңірлік орталық ХВҚ-ның әлемдегі әлеуетін дамытатын 17-орталыққа айналды. 

Орталық төңіректегі тоғыз елде: Арменияда, Әзірбайжан мен Грузияда, Қазақстанда, Қырғыз Республикасы мен Моңғолияда, Тәжікстанда және Түрікменстан мен Өзбекстанда ХВҚ қызметін үйлестіреді. Орталықтың қызметі құзыретті жетілдіруге, тәжірибе алмасуға, мемлекеттік басқару, бюджет пен ақша-кредит саясаты, қаржы секторын дамыту саласындағы әлемдік үздік тәжірибелерді зерделеуге және қолдануға бағытталады.

ХВҚ өңірлік орталығын Алматыда ашу Қазақстан мен ХВҚ арасындағы көпжылдық ынтымақтастықтың жемісі саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу