Алматыда халықты ауызсумен толық қамту үшін 3 жаңа су қабылдау нысаны салынады

148

3 нысан қаланың 245 мыңнан астам тұрғынын ауызсумен қамтамасыз етеді.  

Алматыда халықты ауызсумен толық қамту үшін 3 жаңа су қабылдау нысаны салынады Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында әкім орынбасары Алмасхан Сматлаев айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта "Ақсай", "Ерменсай" суқабылдау нысандары салынып, ал "Барлық" су қабылдау нысаны жобаланып жатыр.

Бұдан бөлек, ұзындығы 34,9 шақырымға жететін Батыс коллекторының құрылысы жүріп жатыр. Нәтижесінде Алатау және Наурызбай аудандарының 150 мың тұрғыны орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады.

Қалада осы жылы 37 шақырым құбыр жаңартылып, 17 коммуналдық қазандық реконструкцияланған. Сонымен бірге электр және газ желілері де жаңғыртылып жатқаны айтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу