Алматыда халықты қарулы жиһадқа шақырған топ мүшелері ұсталды

857

Алматыда халықты қарулы жиһадқа шақырған топ мүшелері ұсталды

Алматы қаласында жұртты тәртіпсіздікке шақырып жүрген топ ұсталды. Бұл туралы Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады, деп жазады 24.kz.

Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазр бұл оқиғаға байланысты ҚР ҚК 256-бабы "Терроризмді насихаттау және терроризм актін жасауға жария түрде жұртты шақыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Топ басшысы А. Жұмағұлов, О. Омыров пен К. Әбішевке қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім шықты. Тергеу материалдарына сәйкес, олар тіркелмеген қоғамдық ұйымның атын жамылып, Алматыдағы қоғамдық тәртіпті бұзу, халықты қорқыту және құқық қорғау органдарының жұмысына қарсы астыртын әрекеттерді ойластырған. Күдіктілер қылмыстық жоспарларын іске асыру үшін насихат материалдарын, сондай-ақ қарулы жиһадқа шақырған видеоүндеу дайындаған", дейді ІІД ресми өкілі.

"Ұсталғандар анонимді видеоүндеуде бетперде, "Хизб-ут-Тахрир" (елімізде тыйым салынған) діни-экстремистік партиясының символикасын және қаруды пайдаланған. Өздері насихаттап отырған идеяларды қолдауға жаппай заңға қайшы әрекеттер жасауға шақырған", - деді Салтанат Әзірбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу