Алматыда ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ашылды

343

3 жылдық онлайн режимнен кейін офлайн форматта өтіп жатыр.

Алматыда ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ашылды Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жәутіков олимпиадасының ашылу салтанатында қатысушыларды құттықтады. Биыл зияткерлік сайыс 3 жылдық онлайн режимнен кейін офлайн форматта өтіп жатыр. Олимпиадаға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан сияқты 16 елден 600-ге жуық оқушы қатысады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Жәутіков атындағы олимпиаданың ауқымы мен кеңінен танылуы Алматы үшін маңызды оқиғаға айналды. Мықты физика-математика мектебімен танымал қаламыздың оқушыларының жеңісі мен жетістігін мақтан тұтамыз. Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан мен шетелдерде зор жетістікке қол жеткізіп келеді. Олар MIT, KAIST, Йель, Кембридж сынды әлемдегі ең беделді университеттердің студенттері", - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев олимпиаданың ашылу салтанатында.

Мерейтойлық ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы 8-13 қаңтар аралығында дарынды балаларға арналған О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатының базасында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу