Алматыда хирургтар үшінші қабаттан құлап кеткен баланы аман алып қалды

523

Бала жазылып, үйге шықты.

Алматыда хирургтар үшінші қабаттан құлап кеткен баланы аман алып қалды Фото: inbusiness.kz

№2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері көпқабатты үйдің үшінші қабатының балконынан құлап түскен 4 жасар баланы аман алып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кішкентай ұл бала балконда орындыққа шығып, көшеге қарамақ болған кезде құлап кеткен. Ал, үйде жанында ересек адам болмаған.

"Баланы жедел жәрдем бригадасы қабылдау бөлімшесіне ауыр жағдайда жеткізді. Алып келген кезде бала дереу тексерілді, қажетті инструментальді зерттеулер, оның ішінде ағзаға компьютерлік томография жүргізілді. Бала жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Дәрігерлер баланы травмалық есеңгіреуден алып шығып, оның жағдайын тұрақтандырды", - деп хабарлады ауруханадан.

Іш жағының тоқтамай ауырсынуына байланысты мультитәртіптік кеңес өткізіліп, диагностикалық лапароскопиялық ота жасау туралы шешім қабылданды.

"Балада көзге көрінбейтін жарақат болды. Оған хирургиялық бөлімшеде ота жасалды. Қазір оның өміріне қауіп жоқ. Бала жазылып, үйге шықты", - деді айтты №2 БҚКА директорының орынбасары Назгүл Асанова.

Балалар дәрігерлері ата-аналардан мұқият болуын және кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды өтініп сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу