Алматыда ХҚКО-да ер адам көз жұмды

940

Алматыда ХҚКО-да ер адам көз жұмды

Алматының Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында ер адам көз жұмды. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ресми мәлімдеді.

"16 қаңтар күні Алматы қаласы Алатау аудандық ХҚКО-да 1964 жылы туған Жарас Нүркібайұлы Құнтақов есімді азаматтың қайтыс болғанын күйзеліспен хабарлаймыз. Жарас Нүркібайұлы ХҚКО-ға сағат 09:30-да "Тұрғылықты жері бойынша тіркелу" қызметіне жүгінген. Бұл уақытта ХҚКО-да адам көп болған жоқ. Жұбайы бланк толтырып жатқанда электрондық кезекке талон алып үлгермей-ақ сағат 09:42-де өзін жайсыз сезінген. Бұдан кейін оған ХҚКО-дағы кезекші медқызметкер шұғыл арада медициналық көмек көрсеткен. Сағат 09:52-де жедел жәрдем көлігі келіп жетті. Алайда ер адамды құтқару мүмкін болмады", – деп түсіндірген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" қайтыс болған азаматтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" созылмалы аурулармен сырқаттанған тұлғаларға қарбалас сәтте қызмет көрсету орталықтарына бармаған дұрыс" деп кеңес береді.

Айта кеткен жөн, ХҚКО-ларда мүмкіндігі шектеулі жандар мен жүкті әйелдер үшін жеңілдік терезелері жұмыс істрейді. Ал I және II топтағы мүгедектер ХҚКО қызметкерлерін 1414 нөмірі арқылы үйлеріне шақыруларына болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу