Алматыда иесіз иттерді чиптейтін болды

1067

Алматыда қаңғыған жануарларды зарарсыздандырып, чиптейтін болады.

Алматыда иесіз иттерді чиптейтін болды

Ветеринарлардың пікірінше, бұл жұмыс оларды азайтуға және нақты санын анықтауға көмектеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жануарлар туралы ақпарат дерекқорға енгізіледі. Жыл басынан бері қалада 14,5 мың иесіз жануар ұсталды. Үш мыңға жуық адамды ит қапқан. Ауыр жарақат алған адам тіркелген жоқ. Құтырған ит те анықталмаған.

"Ит қабу фактісі жыл сайын азая түскен. 2019 жылы – 4 800, биыл 3 600 жағдай тіркелді", – деді Ветеринарлық қызмет басшысы Адис Сейдахматов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу