Алматыда иісшіл иттердің көмегімен 14 қылмыс ашылды

707

Шаһарда 1998 жылдан бастап одорологиялық зертхана жұмыс істейді. 

Алматыда иісшіл иттердің көмегімен 14 қылмыс ашылды

Жыл басынан бері Алматы полицейлері иіс сынамаларының көмегімен 14 қылмыс ашқан. Бұл сынамалар шаһарда 1998 жылдан бастап жұмыс істейтін одорологиялық зертханада сақталып, зерттеледі, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Одорология – криминалистиканың қылмыс орнынан иіс іздерін анықтау мен тәркілеуді қарастыратын бөлімі. Ал одорология – бұл иістер туралы ғылым. 
"Қылмыс орындарынан біз иістерді алып, одорологиялық зертханаға жеткіземіз. Одоролог мамандар оқиға орнына Алматы қаласының ПД жедел-тергеу тобының құрамымен шығады. Алматы қаласының ПД ЖКБ зертханасы – Қазақстандағы ең тиімді зертханалардың бірі болып табылады. Зертхана ашылғалы бері көптеген ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуына ықпал етті. Мысалы, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында мамандар 15 сынама өткізді, оның 14-і оң нәтиже берді", – деді Алматы қаласының ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының аға криминалисі Натаван Алиева.

Маманның айтуынша, иіс іздері шыны ыдыста сақталады. Кейін осы сынамалармен кинологтар мен арнайы үйретілген иттер жұмыс істейді. 

"Зерттеулер инспектор – кинолог және арнайы үйретілген ит – биодетектор қатысатын Алматы қаласының ПД Кинологиялық орталығының базасында жүзеге асырылады. Иттің иіс сезу қабілеті адамға қарағанда 700 есе артық. Зерттеулердің бұл түрі өзектілігін жоймайды, себебі адам кез-келген нысанмен түйіскен кезде оның жеке исі сол жерде міндетті түрде қалады", – деді Натаван Алиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу