Алматыда індет белгілері бар науқастар саны 85%-ға жетті

1021

316 адам отандық вакцинаны салғызды.

Алматыда індет белгілері бар науқастар саны 85%-ға жетті

Алматыда 2021 жылдың 28 сәуіріндегі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 695  жаңа жағдайы тіркелді, оның 601 белгілері бар және  94 симптомсыз, деп хабарлайды inbusiness.kz Қоғамдық денсаулық басқармасына сілтеме жасап. 

"Барлық емделіп шығарылғандар – 382, келіп түскені – 392. Инфекциялық стационарларда жалпы саны 6 060 төсек-орын бар. Қазір стационарларда 3 732 адам ем қабылдауда, оның ішінде 116 бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  252. ӨЖЖ – 36, инвазивті емес ӨЖЖ – 84, High flow-да 84 аппарат жұмыс істейді", - деп жазылған хабарламада.

5 484 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 4 831  науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі белгілері бар және 653 адам симптомсыз. 

"2021 жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласы бойынша 8 468 адам вакцинация алды. Оның ішінде 316 адам QazVac вакцинасымен егілді. 1 ақпаннан осы уақытқа дейін қала бойынша барлығы 202 574 адам вакцинацияланды. Бүгінгі таңда  211 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 402 вакцинация бригадасында, 1 809 медицина қызметкерлері жұмылдырылды, 40 көшпелі мобильді бригадалар бар", - деп жазылған Қоғамдық денсаулық басқармасы таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу