Алматыда індет пессимистік сценарийден де асып түсті

729

Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал бұрын айтылған пессимистік сценарийден де асып түскен. Бұл туралы Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтып берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Алматыда індет пессимистік сценарийден де асып түсті

"Алматы қаласында эпидемиологиялық жағдай шиелене түсуде. Нашарлау тенденциясы байқалады. Бұл негізінен қала халқының коронавирус инфекциясының дельта нұсқасын жұқтыруымен байланысты. 2021 жылдың басынан бері КВИ жұқтырудың қала бойынша 74 мыңға жуық адам тіркелсе, соңғы екі аптада алдыңғы кезеңмен салыстырғанда сырқаттанушылардың саны 1,2 есе өсті. Осы жылдың 1-27 шілдесі аралығында 18 мың 118 жағдай тіркелді. Бұл алдында айтылған пессимистік сценарийден жоғары", - дейді басқарма басшысы.

Нариман Табынбаевтың айтуынша, қалада 18 маусымнан бастап дельта нұсқасының таралу сипаты оның жұқпалылығының жоғары екенін көрсеткен.

"Жалпы пандемия басталғалы бері 2020 жылдың наурызынан бастап қалада 92 мыңнан астам адам індет жұқтырды", - деді Нариман Табынбаев.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу