Алматыда індет жұқтырған науқастар саны артып келеді

994

Шаһар бойынша 7 011 инфекциялық төсек-орын, оның ішінде 250 реанимациялық орын әзірленген. 

Алматыда індет жұқтырған науқастар саны артып келеді

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz .

Оның айтуынша 16 наурызда Алматыда коронавирустық инфекцияның 297 жағдайы тіркелді. Сонымен қатар, өткен тәулікте 143 науқас сауығып шықты. Стационарларда 1 239 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 64-і бала. 131 науқастың жағдайы ауыр болса, 13 науқастың жағдайы өте ауыр, 1095 науқастың жағдайы орташа ауырлық деңгейінде.

"Өткен жылы Алматыда коронавирустық инфекциямен күрес аясында науқастарды қабылдау үшін жеткілікті төсек қоры құрылды. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде 298 мобильді бригада жасақталды, онда 948 қызметкер жұмыс істейді. Бастапқы медициналық-санитарлық көмектің мақсаты – науқастарды амбулаториялық деңгейде мониторингтеу, диагностикалау және емдеу", – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы. 

Бүгінде шаһар бойынша 7 011 инфекциялық төсек-орын, оның ішінде 250 реанимациялық орын әзірленген.

Ал пандемия басталған уақытта Алматыда 500 орындық 2 инфекциялық стационар ғана жұмыс істеген еді. 2020 жылдың шілде айында Алматының 27 медициналық ұйымы КВИ-мен ауыратын науқастарға стационарлық көмек көрсетті.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу