Алматыда індет жұқтырғандардың көбі 20-39 жастағылар

959

Мегаполистің бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мұны олардың сауда объектілері мен қоғамдық тамақтану орындарына баруымен байланыстырды.

Алматыда індет жұқтырғандардың көбі 20-39 жастағылар

"Коронавирустық инфекцияның жоғары аурушаңдығы 20-39 жас аралығындағы азаматтар арасында тіркелді. Яғни, 35% деңгейінде. 40-59 жас аралығында 27-28% деңгейінде тіркелуде, бұл сауда объектілеріне мен қоғамдық тамақтану орындарына бару және қоғамдық көлікті пайдаланумен байланысты. Алматы қаласының департаменті әлеуметтік қашықтықты, маска-қолғап режимін сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу қажеттілігі туралы халықты ескерту бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуде",- деді Жандарбек Бекшин. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу