Алматыда індетке шалдыққандардың көбі жастар

650

Жандарбек Бекшин қала тұрғындарын санитарлық талаптарды сақтауға шақырды.     

Алматыда індетке шалдыққандардың көбі жастар

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин 20-39 жас аралығындағы адамдардың коронавирус инфекциясын тез жұқтыратынын мәлім етті,  деп хабарлайды inbusiness.kz

Айтуынша халықтың бұл санатының вакциналану белсенділігі төмен және карантиндік режимді жиі бұзады.  

"Эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша жұқтыру 20-39 жас аралығындағы азаматтардың үлесі 31,2%, 40-59 жастағыларда 24%, 60 жастан асқан қарт адамдардың үлесі 23%. Жалпы, соңғы аптада инфекция жұқтыратын негізгі орындар бұрынғыша сауда объектілері - 34%, отбасылық байланыс - 19,5%, қоғамдық көліктер - 17,8%",  деді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері. 

Жандарбек Бекшин коронавирустың "төртінші" толқыны аяқталмағанын, бірақ індет жұқтырғандар саны төмендей бастағанын, сондықтан вакцина салдыру қарқынын арттыру қажет екенін еске салды.  

"Азаматтар дерттің қаншалықты қауіпті екенін түсінулері тиіс. Әсіресе 60 жастан асқан адамдар қауіп тобында, өйткені, өлім көбінесе халықтың осы санатында тіркеледі. Жасына қарай көптеген адамдарда созылмалы аурулар болады, дерт жұққан кезде олар өрши түседі. Сондықтан ремиссия кезеңінде вакциналану қажет", - деді спикер.  

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, COVID-19 вирусының "үнділік" нұсқасы тез жұғады әрі патогенділігі әлі де өте жоғары, соның салдарынан ауру белгілері бар науқастардың деңгейі 95%-ды құрайды."Уханьдық" - 50% және "британдық" - 81%. 
 
Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу