Алматыда індеттің шарықтау шегі тамызда тіркелуі мүмкін

1003

Мұндай болжамды әлеуметтік желі арқылы ақпарат таратқан Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев жария етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz. 

Алматыда індеттің шарықтау шегі тамызда тіркелуі мүмкін

"Денсаулық сақтау министрлігімен бірге осы жылдың 30 қыркүйегіне дейін болжам дайындалды. Незізгі болжам бойынша аурудың шарықтау шегі тамыздың бірінші онкүндігіне сай келеді. Індет жұқтырудың ең жоғарғы көрсеткіші 12 тамызда тіркелуі мүмкін. Пессимистік болжамға сәйкес, аурудың бір тәулікте жұқтырғандардың саны 1900-ден 2000-ға дейін артуы мүмкін", - деді Нариман Табынбаев.

Оның айтуынша қазір қалада 7 мың инфекциялық төсек орын дайындалып отыр. Резервте қосымша 3 мың төсек бар. 

"Егер жағдай ушығатын болса тағы резервке 2 мың төсек орын дайындауымыз керек. Жалпы бұл пессимистік сценарий. Бүгінгі таңда 6400 төсек орын бар. Олардың жұмыс жүктемесі 55 пайызды құрайды", - деді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу