Алматыда індеттің жаңа ошақтары анықталған жоқ

697

Мегаполисте эпидемиологиялық жағдай тұрақты.  

Алматыда індеттің жаңа ошақтары анықталған жоқ

Соңғы тәуліктерде Алматыда COVID-19-дың жаңа ошақтары тіркелген жоқ, деп мәлімдеді Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

"11 мамырда 13, 12 мамырда 26 індет жұқтыру жағдайы тіркелді. Осымен Алматыда 1622 науқас анықталды. Жаңадан тіркелген науқастардың барылығы карантиндегілер. Бұған дейін олар індет жұқтырғандармен байланыста болған. Жаңа індет ошақтары жоқ", – деген Тілеухан Әбілдаев стационарларда ем қабылдап жатқан науқастаржың жағдайына тоқталды.

"33 адамның жағдайы ауыр. 237 науқастың жағдайы орта ауырлық дәрежесінде. Ал қалғандарында індет жеңіл формада өтуді. Ал өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатқандар мен өте ауыр жағдайдағы науқастар жоқ", – деді ол.      

Сонымен қатар басқарма басшысы мегаполистегі науқастардың 77%-ында коронавирустық инфекция ауру белгілерісіз, жеңіл түрде өтіп жатқанын айтты. 

Жалпы Алматының жұқпалы аурулар стационарларында 1145 адам ем қабылдауда. Ал провизорлық госпитальдарда 404 адам, карантинде 329, үйде 15 мың 327 адам оқшауланған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу