Алматыда инфекция жұқтыру көрсеткіші жоғары

749

Шаһарда шектеу шаралары сақталады. 

Алматыда инфекция жұқтыру көрсеткіші жоғары Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласы 1 маусым күні "сары" аймаққа өтті. Алайда шаһарда эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі. Бұл туралы мегаполистің бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Оның айтуынша, "сары" аймақтың өлшемі R саны (жұқтыру көрсеткіші) 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттану көрсеткіші 100-ден кем болуы керек.

"Қазіргі уақытта Алматыда 7 маусымдағы жағдай бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда COVID-19-бен сырқаттанушылық көрсеткіші 64,7, яғни 100-ден төмен, жұқтыру көрсеткіші 0,7. Бұл Алматы қаласы 1 маусымда "сары" аймаққа көшкенімен, эпидемиологиялық жағдай күрделі екенін көрсетеді. Яғни, індет жұқтыру қаупі жоғары", – деді Жандарбек Бекшин. 

Спикердің айтуынша жүргізілген шектеу шараларының нәтижесінде сырқаттанғандар саны азайды. Атап айтқанда, бұқаралық іс-шараларға тыйым салу, базарлардың, СОСО-ның, жазғы алаңдарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына тыйым салу, демалыс күндері әлеуметтік байланыстарды азайту мақсатында, сондай-ақ халыққа вакцина салу. Сондықтан бұл шектеулердің біразы қаланың "сары" аймаққа өткеніне қарамастан сақталады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу